СӨЗ ӨНЕРІ ЖАЙЛЫ ҒЫЛЫМ

СӨЗ ӨНЕРІ ЖАЙЛЫ ҒЫЛЫМ

Әдебиеттің теориялық мәселелері, әдетте, дәл осы тараудан яғни әдебиеттану жайын, оның ғылымдық сыры мен сипатын, әр алуан ғылыми салаларын талдап түсіндіруден басталатын. Біз олай етпедік, ойпікірлерімізді әдебиет туралы ғылмнан емес, әдебиеттің тура өзінен, яки әдебиет туралы жалпы түсініктен бастадық. Неге?

Әдебиеттің өзі әдебиет туралы ғылымнан тумайды, керісінше, әдебиет туралы ғылым әдебиеттен туады. Әдебиет жоқ жерде әдебиет туралы ғылым болуы да мүмкін емес. Ендеше, әдебиет туралы ғылымнан бұрын, алдымен әдебиет дегеннің өзі не нәрсе екенін, әдебиетті жасаушы суреткер жөнін, сөз өнерінің қоғамдық бітімі мен идеологиялық пішінін жалпы түрде бір байыптап алу шарт. Біз солай еттік, нәтижесінде сөз өнері жайлы нақты ұғым-тұжырымдарға келдік. Енді сол сөз өнері жөніндегі ғылымды, оның туу, даму тарихын қысқаша шолып өтіп, одан әрі бірыңғай теориялық толғамдарға көшіп кетуге мүмкіндік бар. Соған кірісейік.

Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым. Бұл ғылымға бет ашар тәрізді әдебиеттің табиғатына тән ең бір қарапайым қағидалар, ілкі түсініктер «Әдебиеттануға кіріспе» деп аталатын арнаулы пән арқылы талданып, тексеріледі. Одан арғы күрделі мәселелердің бәрі әдебиеттанудың өзге салаларының үлесіне қалады. Ал әдебиет туралы ғылым, негізінен, мынадай үш түрлі ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.

З.ҚАБДОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *