Сатиралық лирика (грекше – satura – қосынды). Сатиралық эпос сықылды, сатирамен жазылған лирикалық шығармалар да болады. Сатира дворян әдебиетінде де болды, бірақ олардың сатирасы крепостнойлық қоғамның негізіне қарсы жұмсалған жоқ, сол қоғамның кейбір жеке кемшіліктеріне ғана қарсы жұмсалды.
XIX ғасырдағы қазақ ақындарының ішінде сатиралық лириканы көп жазған Абай болды. Ол елдегі болыс, билерді шенеп-мінеп, сынға алып, мысқылдап жазған «Дүтбайға», «Болыс болдым мінекей» деген өлеңдері сатиралық лирикаға жатады.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ