Ұсақ әңгіме немесе новелла

Ұсақ әңгіме немесе новелла (итал. novella – әңгіме). Қара сөзбен баяндалған, көлемі шағын ғана қысқа шығармалар новелла немесе ұсақ әңгіме деп аталады. Қиял араластырып баяндайтын көлемі шағын, легенда деп аталған әңгімелерді біз орта ғасырдағы феодал әдебиетінен де кездестіреміз. Ал новелланың дәуірлеп өскен кезі буржуазия қоғамы кезінде болды. Новеллалардағы оқиға әрдайым шын бола бермеуі мүмкін, бірақ новеллада оқиғалар өмірде болған нәрсе сияқтанып көрсетіледі.

Ғ.Мүсіреповтің ана туралы әңгімелері – ұсақ әңгіме, новелланың қазақ совет әдебиетіндегі көрнекті үлгілері.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *