Ұзақ әңгіме. Баяндау арқылы қара сөзбен жазылған көлемі орташа шығармалар ұзақ әңгіме (повесть) деп аталады. Романмен салыстырғанда, ұзақ әңгімеде эпизодтар аз және алған оқиғаларының көлемі де шағын болады. Ұзақ әңгіменің (повестің) мысалы: Пушкиннің «Капитан қызы» Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлуы», т.б.
Роман мен ұзақ әңгіменің арасындағы шекараны, өзгешелікті дәл мынау деп үзілді-кесілді айта қою қиын. Ұзақ әңгімелер негізінде бір не екі сюжеттік линияға негізделінеді, өмір құбылысы романдағыдай онша терең суреттелмейді, ең керекті, ең негізгі деп санаған мәселелерді қамтып, бірінші орынға соларды шығарады. Қазақ совет әдебиетіндегі Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», «Миллионері» сәтті жазылған ұзақ әңгімелердің тобына қосылады.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ