ДИСФЕМИЗМ

ДИСФЕМИЗМ

Дисфемизм  (грек. δυσφήμη — анайы сөйлеу) — сөйлеудің экспрессивті реңкін арттыру немесе теріс мағыналық реңк үстеу үшін қалыпты ұғымды анайы, тұрпайы сөздермен алмастыру құбылысы. Дисфемизмде әдепті сөздер дөрекі сөздермен ауыстырылып айтылады. Дисфемизм – мағынасы жағынан эвфемизмге (лайықсыз сөзден бас тарту, сөзді жұмсартып айту, сыпайы сөйлеу) қарама-қарсы құбылыс. Мысалы: Бұт артары мен шаңырақ саларын жауға берді (К.Оразалин). Өздерің бір-бір тулақтарыңа мініп-ап шапқылап кетсеңдер (сонда). Жеңілетініңді білетін болсаң, сен бес қырт атанар ма едің? (М.Әуезов). Осындағы бұт артар – көлік орнына, шаңырақ салар – күш-көлік, түйе орнына, тулақ – мінетін ат орнына, қырт – сөзуар дегеннің орнына жұмсалып тұр. Сол арқылы жағымсыз, эмоциялық мән тудырған. Дисфемизм кеміту, қорлау, жаратпау ұғымында да қолданылады. «Боқ мұрын бала»,  «қолынан боқ келмейді», «боғын боталы түйе қылды» деген оралымдар дисфемизмге мысал болады. Дисфемизмдер әдеби тіл үлгісіне жатпайды. Олар көркем шығармаларда ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретінде қолданылады.

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. ІІІ том. – Алматы, 1998.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *