ДИГЛОССИЯ

ДИГЛОССИЯ

Диглоссия (грек. dі — екі, glossa — тіл) – бір ұлттық тілдің әртүрлі қо сым ша жүйелері. Диглоссия құбылысы тілде жиі кездеседі. Кез келген ұлттың әдеби немесе стандартты тілі мен ауызекі сөйлеу тілі  қатар өмір сүреді. Диглоссияны қажеттілікке орай тілдер ді бөлудің функциялық қасиеттеріндегі және бір тілдің өмір сүру формаларындағы қостілділіктің теңдестірілмеген түрі деп те түсіндіруге болады.  Диглоссия кезінде тіл таңдау көбінесе сөйлеуші  лердің этникалық шығу тегіне қарай емес, қатынас жағдаятына байланысты болады.  Диглоссияның жарқын мысалын араб елдерінен байқауға болады: араб тілі екі формаға ие: біреуі көркем әдебиет, баспа, радио,теледидар т.б. қызмет етсе, екіншісі (классикалық араб тілі, Құран тілі) дипломатияда және ғұрыптық мәдени сөйлеуде қолданылады.

А. Абасилов. Әлеуметтік лингвистика сөздігі. – Алматы, 2016.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *