
ГАЛЬВАНИЛІК БАЙЛАНЫС – элементтер зарядтарының электр тізбектерінде бір элементтен екінші элементке тікелей «ағуын» қамтамасыз ететін электрлік қосу. Сыйымдылықтың байланыстан немесе индуктивтік байланыстан айырмашылығы бұл байланыс өте төменгі жиіліктердегі, тіптен нөлдік жиілікке дейінгі (тұрақты токты) байланысты қамтамасыз етеді.