ГАЛЬВАНИМАГНИТТІК ҚҰБЫЛЫСТАР

ГАЛЬВАНИМАГНИТТІК ҚҰБЫЛЫСТАР – электр тогы өтіп тұрған қатты өткізгіштердің электрлік (гальванилік) қасиеттеріне магнит өрісінің әсер етуіне байланысты туындайтын құбылыстардың жиынтығы. Олардың арасындағы ең маңыздыларының бірі магнит өрісі (Н) токқа (J) (J – токтың тығыздығы) перпендикуляр болатын көлденең гальванимагниттік құбылыс. Бұл құбылысқа өріске (Н) және токқа (J) перпендикуляр бағытта потенциалдар айырымы (Холл электрқозғаушы күші) туатын – Холл эффектісі және өрістегі (Н) өткізгіштің электрлік кедергісі ρ өзгеретін көлденең магнитрезистік эффект жатады. Бойлық гальванимагниттік құбылысқа өрістегі Н||J кедергінің аздаған өзгерісі ΔρІІ жатады. Жұқа пленкалардағы және өткізгіштердегі (Δρ/ρ0)⊥ және (Δρ/ρ0)ІІ үлгінің өлшемдері мен пішіндеріне (өлшемдік эффектілер) тәуелді. Н артқанда бұл тәуелділік жойылады. Ферромагнетиктердегі гальванимагниттік құбылыстарда бірқатар ерекшеліктер бар, оларда магнит өрісі жоқ кезде өздігінен магниттелу құбылысы байқалады.
Гальванимагниттік құбылыстардың негізгі себебі – магнит өрісіндегі заряд тасушылардың – өткізгіштік электрондардың және кемтіктердің траекторияларының қисық сызықты болуы (Лоренц күші). Заряд тасушылардың траекториялары магнит өрісіндегі – еркін электрондардың траекторияларынан магниттік күш сызықтарына оралған шеңбер спиралдардан едәуір өзгеше болады. Әртүрлі өткізгіштердің заряд тасушыларының траекторияларының әрқилы болуы гальванимагниттік құбылыстардың әралуан түрлі болуына себебші болған.
ГАЛЬВАНИ ЭЛЕМЕНТІ – тотықтандырутотықсыздандыру реакциялары есебінен химиялық энергияны электр энергиясына тікелей түрлендіретін құрылғы; токтың
Луиджи Гальванидің тәжірибесі:
химиялық көзі. 1786 жылы итальян физигі «жануар электрі».
191 әрі физиологы Гальвани (1737 – 1798) «жануарлар электрі» деп атаған «құбылысты» ашқан болатын. Ол осы «жаңалығын» 1791 жылы жариялаған. Осыны естіген оның отандасы Александр Вольта (1745 – 1827) Гальванидің тәжірибесін қайталап оның тұжырымының жаңсақтығын ашып, электр тогының бақаның бұлшық етінің жиырылуы – металл пластинаның электрод, ал бақаның денесіндегі сұйықтықтың электролит ретінде әрекет ететінін дәлелдеген. Вольтаның осы жаңалығы 1799 жылы оның вольттік орамының жасалуына себепші болған. Бұл орамның әрқайсысы екі электродтың (мырыш пен күмісте) және теңіз суына шыланған картоннан құралған – батарея бол- ған. Осы батарея дүние жүзіндегі ең алғашқы электр батареясы болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *