ВИЛЛАРИ ЭФФЕКТІСІ

ВИЛЛАРИ ЭФФЕКТІСІ, магниттік серпімді эффект – ферромагнетиктердің магниттелуіне механикалық деформациялардың (созу, бұрау, ию, т.б.) әсер етуі. 1865 ж. италия физигі Эмилио Виллари (1836–1904) ашқан. Ферромагнетик үлгіге тұрақты серпімді кернеу түсіріліп магниттік өріс артқан кезде үлгінің магниттелуі алғашында артады, содан соң максимум (Виллари нүктесі) арқылы өтеді де ең соңында нөлге дейін кемиді. Виллари эффектісі магнитстрикцияға кері құбылыс. Ферромагнетиктер (мысалы, Ni) магниттелуі кезінде өлшемдерін кішірейтеді (теріс магнитстрикциялы болады), созылу кезінде магниттелуін кемітетін болады (теріс Виллари эффектісі). Керісінше, оң магнитстрикциялы ферромагнетиктер созылғанда, мысалы, Ni (65% – Fе (35%) қорытпасынан жасалған шыбық бұлардың магниттелуін арттырады. Сығылған кезде Виллари эффектісінің таңбасы кері өзгереді. Бұл эффект механикалық деформация әдісімен магниттік материалдар жасауға арналған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *