
ВАТТ-САҒАТ (Вт∙сағ, W∙h) – жұмыс пен энергияның техникада пайдаланылатын жүйеден тыс өлшеу бірлігі. Ватт-сағаттың шамасы 1 Вт-қа тең қуаттың 1 сағатта өндіретін жұмысына тең. Ватт-сағат пен жұмыстың (энергияның) басқа бірліктерінің байланысы: 1 Вт·сағ = 3600 Дж, 1 киловатт сағ·сек = 3,6·106 Дж.