ВЕБЕР

ВЕБЕР (Вб, Wb) – магниттік ағын мен ағындық ілінісудің Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) өлшеу бірлігі. Бұл атау неміс физигі Вильгельт Вебердің (1804–1891) құрметіне аталған. 1 Вб – 1 м2 аудан арқылы тік (нормал) бағытта өтетін 1 тесла (Тл) индукция кезінде біртекті магнит өрісі тудыратын магниттік ағынға тең. 1 Вб = 1Кл∙Ом = 1В∙сек = 1Тл∙м2 = 108 максвелл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *