ӘДЕБИЕТТІК МЕТОДТАР – КЛАССИЦИЗМ, РОМАНТИЗМ, РЕАЛИЗМ, СОЦИАЛИСТІК РЕАЛИЗМ
Көркем әдебиеттің негізгі түйіні, түпкі қазығы – шындық өмір шындығы. Жазушылар өмірдің бір жағын ғана таңдап алып, оны өзінің творчестволық елегінен өткізіп, қалыптасқан көркем жүйеге салу үшін әркімнің әртүрлі әдісті қолдануы және шындықты әртүрлі суреттеуі мүмкін.
Жазушылардың өмір құбылысының керекті жағын таңдап алып, оны өз елегінен өткізіп, өз көзқарасы тұрғысынан сурет теу қажеттілігінен барып, әртүрлі творчестволық метод (әдіс, тәсіл) туады. Өмірден аңғарғандарын өзінше талқылау жазушылардың әртүрлі творчестволық методын туғызады.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ