Әр жазушының өзіне тән ерекшелігі

Әр жазушының өзіне тән ерекшелігі. Стиль – әр жазушының өзіне тән шығармалық ерекшелігі. Бұл ерекшеліктер сюжет, композиция, тіл, сөз, сөйлем құрылыстарында айқындалады. Шығармасына желі етіп алған оқиғасын қалай суреттеу әдісінен белгілі болады. Біреу – лирик, екіншісі – эпик, үшіншісі – юморист, төртіншісі – сатирик.

Абай мен Махамбет екеуі де халық ақыны, бірақ екеуінің де өзінше суреттеу әдісі бар. Абай негізінде сатирик, Махамбет са тирик емес. Феодалдық көзқарастағы ақындар әдеби бір стильге жатады. Мұрат пен Шортанбайдың суреттеу әдісінде басқашалық бар, бірақ шығармаларында айырма болғанмен, белгілі бір таптың жазушысы. Шындық болмысқа жалпы көзқарасы бір. Өмірге өз көзқарасымен қарайды, сондықтан жазушылардың суреттеу жүйелерінің түрі бір болады.

Қазақ совет поэзиясының ірі өкілдері Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Сәбиттер бәрі де социалистік реализм методының, стилінің өкілдері. Әрқайсысының өзіне тән, басқаларда жоқ ерекшеліктері бар. Мұны олардың стильдік (екінші мағынасындағы) ерекшелігі дейміз.

Сәкен қазақ совет поэзиясына жаңа тыныс (интонация), жаңаша ырғақ, жаңаша түр енгізді және көпшілік өлеңдерінде соны берік сақтап, белгілі бір жүйеге айналдырды

Бейімбет қазақтың ескі поэзиясындағы юморлық әдісті жаңа идеялық мазмұнға сәйкес ілгерілетіп дамытты. Қарапайым жай сөздердің өзін шебер қиюластыруы, ирония, сарказмді іскерлікпен пайдалану арқылы өмір құбылысын көркем бейнелеп, Мырқымбайдай ауыл еңбекшісінің өлмес образын жасады.

Ілияс өлеңдеріне инверсия, үздік образдар тән. Өзіне шейінгі поэзияда болмаған сөз образы (теңеу, эпитет, метафора, метонимия), жаңаша  құрған сөз тіркестері Ілияс өлеңдерінде жиі ұшырайды.

Сәбит өзінің творчестволық өсу жолдарының әсіресе соңғы кездерінде өлеңді мазмұнға құруға, сөйлемде ойға қатысы жоқ сөз болмау керектігіне, өлеңнің тақпақтап айтуға лайықталуына көп көңіл бөлді. Өзінің өлеңдерінің бір ерекшелігі есебінде берік ұстап қалды.

Осындай ерекшелік таза қара сөзбен айналысатын жазушыларда да бар. Қай елдің тарихын алсақ та, әдебиетінің даму жолдарында жеке жазушылардың үлкен мәні болғанын білеміз. Халық ақындары, оның ішінде Абай да қазақтың жазба әдебиетін, әдеби тілін жасаушы, қазақ әдебиетін тақырып, түр жағынан байытқан. Қазақ оқушыларын шығыс, батыс, орыс әдебиеттерімен таныстырып, ақындардың (Пушкин, Лермонтов) шығармаларын қазақ даласына таратты.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *