БУЛАНУ ЖЫЛУЫ

БУЛАНУ ЖЫЛУЫ, будың пайда болу жылуы – затқа изобаралық-изотермиялық тепе-теңдік үрдісте оны сұйық күйден газтәрізді күйге (будың сұйыққа конден- сациялануы кезінде де осындай жылу мөлшері бөлініп шығады) ауыстыруға қажет жылу мөлшері. Булану жылуы – фазалық ауысу жылуының дербес жағдайы. Булану жылуы меншікті (Дж/кг, ккал/кг бірліктерімен өлшенеді) және мольдік (мольярлық) булыну жылулары деп екіге ажыратылған (бұл Дж/моль бірлігімен өлшенеді).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *