
БРЮСТЕР ЗАҢЫ – диэлектриктің сыну көрсеткіші (n) мен оған түсетін табиғи жарықтың (полярланбаған) әлгі беттен шағылысқан кезде толықтай полярлануға ұшырайтын түсу бұрышының (φ) арасындағы қатынасы. Бұл заңды 1815 ж. шотланд физигі Дэвид Брюстер (1781 – 1868) айғақтаған. Жарық толқынының түсу жазықтығына перпендикуляр, яғни ажырау жазықтығына параллел электрлік вектордың Еs құраушысы ғана шағылысады, ал жарықтың түсу жазықтығында жататын Ер құраушысы шағылыспайды, тек сынады (сұлбаға қараңыз). Бұл tgφ = n шарты кезінде орындалады. φ бұрышы Б р ю с т е р б ұ р ы ш ы деп аталған. Сыну заңы бойынша
ୱ୧୬ఝ
ୱ୧୬=n (мұндағы r – сыну бұрышы), сол себепті Брюстер заңынан cosφ = sin r немесе φ + r = 90°, яғни шағылысқан және сынған сәулелер арасындағы бұрыш 90° болады. Брюстер заңын жарықтың екі диэлектриктің шекарасы арқылы өтетін жарыққа арналған Ф р е н е л ь ф о р м у л а с ы н а н да қорытып шығаруға болады.
БУ – заттың сұйық (немесе қатты) күйімен тепе-теңдікте болатын сол заттың газ тәрізді күйі. Бу мен газ ұғымы, көп жағдайда, бір-бірінен шартты түрде ғана ажыратылады. Мысалы, кез келген температурадағы көміртектің қос тотығы көмір қышқыл газы деп аталады. Егер бу заттың сұйық немесе қатты күйімен жылжымалы тепе-теңдікте болса, ол қаныққан бу деп аталады да, оның қасиеттері (тығыздығы, жылусыйымдылығы т.б.) тек температурасымен ғана анықталады. Температурасы кризистік температурадан жоғарылаған бу асақызған бу деп аталады. Мұндай бу газдарға тән қасиетті де білдіреді. Жоғары температурадағы және төмен қысымдағы бу физикалық қасиеттері жағынан идеал газға жақындайды.
Қатты денелердің булануын с у б л и м а ц и я (құрғақтай айдау) деп атайды. Қар және мұз қыста біртіндеп буға [сондықтан, мысалы, қатып қалған (жуылғаннан кейін) киім-кешек аязда кебеді] айналады. Көптеген қатты денелердің сублимациясын иісінен сезуге болады, буланған заттың бөлшектері тыныс алғанымызда мұрнымызға ауамен бірге енетіндіктен оны сезінеміз. Қатты нафталиннің, шайдың, кофе- нің, сонымен қатар темірдің, мыстың т.б. иістері көпшілігімізге белгілі. Бу конденсацияланған кезде жеткілікті төменгі температураларда қатты затқа айнала алады. Мысалы, қыста Булану және қаныққан бу.
судың буы қар ұлпасына, шыққа, терезедегі аяз өрнектерге; электр шамының қызатын сымы жасалатын вольфрамның буы әйнек колбаның қабырғасына шөгіп күңгірттендіретінін байқаған кезіміз болған.
Булану құбылысы химиялық технологияның кең таралған әдістерінің бірі – айдаудың негізіне жатқан. Айдау – көпкомпонентті (көпқұраушылары болатын сұйық қоспаларды (мысалы, мұнайды) жеке-жеке фракцияларға (құраушы бөліктерге) ажырату үрдісі. Бұл үрдіс кезінде сұйық қоспа ішінара буландыру және соңынан буды конденсациялау (сұйық күйге ауыстыру) арқылы жүзеге асырылады. Кинетикалық теория бойынша ең жылдам молекулалар тез буланады да қалған молекулалардың орташа энергиясы азаяды, сондықтан да – сұйық салқындайды, мұны біздер қолымызды жуған соң сүртпеген жағдайда қолымыздың салқындағанын сезінетініміз осыдан болады.