
БЕККЕ ӘДІСІ – қатты заттардың сыну көрсеткіштерін (n) өлшеудің иммерсиялық әдісінің бір нұсқасы. Зерттелетін зат толған түрде сұйық тамшысына араластырылып, микроскоп арқылы бақыланады. Әртүрлі сыну көрсеткіштері болатын екі ортаның шекарасында интерференциялық және ішкі толық шағылу құбылыстарының әсерінен жұқа жарық жолақ – Бекке жолағы пайда болады. Микроскоптың тубусы жоғары қарай көтерілгенде әлгі жолақ сыну көрсеткіші үлкен бөлшектер бағытына қарай жылжитын болады, ал тубусты төмен түсіргенде сыну көрсеткіші аз бөлшектер бағытына қарай жылжиды. Сұйық пен бөлшектердің сыну көрсеткіштері тең болғанда, Бекке жолағы жойылады. Сыну көрсеткіші (n) белгілі сұйықтар жиынын пайдалана отырып, қатты заттардың сыну көрсеткіштері анықталады. Бұл әдісті австриялық минералог Фридрих Бекке (1855 – 1931) ашқан.