
БАРОТРОПТЫ ҚҰБЫЛЫС (грекше «барос – ауыр, ауырлық» және «тро- пе – өзгеру») – жоғары қысымдар және белгілі бір температуралар кезінде сұйықсұйық (сұйық-газ немесе газ-газ) жүйлерінде пайда болатын фазалардың орын ауыстыруы; тығыздығы аз үстіңгі жақта орналасқан (ауырлық өрісінде) фазаның қалыпты жағдайда ауырлап, төмен (астыңғы жаққа) шөгуі. Бұл құбылыс бойынша, қысым артқан кезде әуелгі (бастапқы) кезде әртүрлі болған фазалардың меншікті көлемдері теңеседі; молекулалық массасы ауыр көп компонентті (құраушылы) болатын фаза ауырлап өзге фазаға батады (шөгеді).
Осы құбылысты алғаш рет голланд физигі Гейке Камерлинг-Оннес (1853 – 1936) сутек (сұйық)-гелий (газ) жүйесінде: 20,1 К температурада және 49 атм қысымда газ фазасы сұйықтың астына шөккенін байқаған. Газ-сұйық жүйесіндегі баротроптық құбылыс аммиак-азот-сутек жүйелерінде (3500 – 3700 атм қысымда және 170 К температурада) байқалған.