БАСҚАРЫЛМАЛЫ ТЕРМОЯДРОЛЫҚ СИНТЕЗ

БАСҚАРЫЛМАЛЫ ТЕРМОЯДРОЛЫҚ СИНТЕЗ (БТС) – жоғары температу-
ра кезінде реттелетін, басқарылатын жағдайларда энергия бөліп шығаратын жеңіл атом ядроларының бірігу үрдісі. БТС әзірше жүзеге асырылмаған. Синтез (біріктіру) реакциясының жүзеге асырылуы үшін реакцияға қатысушы ядролардың бір-біріне 10–11 см аралығына жақындасуы шарт, осыдан соң туннельдік эффект салдарынан әлгі атомдардың бірігу ықтималдығы тууы мүмкін. Соқтығысатын протондардың потенциалдық тосқауылды жеңуі үшін –10 кэВ энергия беру қажет, бұл энергия –108 К температураға тең. Ядроның заряды артқан сайын (Z реттік нөмірі) олардың кулондық өзара тебілістері күшейеді де, реакция үшін қажет энергия арта түседі. Әлсіз өзараәсерлесуден туатын (р, р) реакцияларының эффектілік қимасы өте аз. Сутегінің ауыр изотоптары (дейтерий мен тритийдің) арасындағы реакция күшті өзараәсерлесуге негізделген және қимасы 22 – 23 реттілікке жоғары. Синтез реакциясында энергия бөлуі шамаларының айырмашылығы бір реттіліктен аспайды. Дейтерий мен тритий ядролары біріккенде бұл 17,6 МэВ энергия бөліп шығарады. Бұл реакциялардың көп энергия бөлу және үлкен жылдамдығы дейтерий мен тритийдің бірдей құраушысы болатын қоспасы – БТС мәселесін шешуге арналған болашағы мол қоспа. Тритий радиоактивті (жартылай ыдырау уақыты 12,5 жыл) және табиғатта кездеспейді. Сондықтан термоядролық реактордың жұмысын қамтамасыз ету үшін ядролық «отын» ретінде қолданылатын тритийді өндіру қарастырылған. Осы мақсат үшін реактордың жұмыстық белдеуі литийдің жеңіл изотопымен белдеуленіп қоршалған, осы белдеуде 6Li+n→3H+4He+4,8 МэВ реакциясы өтетін болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *