АПОКОПА

АПОКОПА

Апокопа (грек. аpokope — түсу, үзілу) – сөздің қысқаруына әкеліп соқтыратын соңғы екпінсіз дауыстының түсіп қалуы. Қазақ тіл білімінде апокопаның бірнеше түрі кездеседі. Оның бірінде екпінге қатысты дыбыстық үдеріс  нәтижесінде соңындағы дыбыс не буын түсіп қалады. Мысалы: болат (болады), келет (келеді), түсет (түседі). Сөздің акценттік-фонетикалық үдерісінің нәтижесінде соңғы бір немесе бірнеше дыбыстың түсіп қалуы батыс тілдерінде жиі кездеседі. Қазақ тілінде апокопаның жергілікті тілдік ерекшелік ретінде жұмсалатын жағдайлары да бар. Бұған дәлел ретінде «беркел» (бері кел-дің орнына), «керім» сияқты қолданыстарды (керемет-тің орнына) келтіруге болады. Тілімізде кірме сөздердің соңғы дауысты дыбыстары түсіп қалатын жағдайлар да кездеседі. Мысалы: шахмат (шахматы), газет (газета), минут (минута), облыс (область); Мұндай үдеріс апокоптану үдерісі деп аталады. Кірме сөздер дің қысқаруы нәтижесінде жаңа сөз пайда болу үдерісін де осы құбылысқа жатқызамыз. Бұл құбылысқа ғылыми терминдер мен кәсі би лексикадан, публицистикадан сандаған мысалдарды келтіруге бо лады. Апокопаның көп жағдайда шет тілдер мен орыс тілінің әсерінен пайда болып жататындығын айта кеткеніміз жөн. Мысалы: такси (таксомотр), метро (метрополитен), келі // кило (килограмм).

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *