АРГОТИЗМ

АРГОТИЗМ

Арготизмдер (франц.  argotisme – жаргон) – бейәдеби лексиканың саласы. Қазақ тілінде қолданылу аясы шектеулі, бірақ диалектизмнен де, кәсіби сөздерден де басқа бірсыпыра сөздер арготизмдердің қатарына жатқызылып жүр. Олар:  сіміру – жаттап алу, сіңіру – бермей кету, ұшыру – орнына алу. Кей әдебиеттерде арготизмдерді жар гондардың бір бөлігі деп те түсіндіреді. Бейәдеби арготизмдер  қылмыстық әлемнің бір бөлшегі ретінде қалыптасып, кейіннен әдеби тілде стилистикалық мақсатта қолданылу мүмкіндігіне ие болады. Арго сөздер де жаргон сөздер тәрізді әмбебаптық қасиетке ие. Бұл топқа жататын сөздер түрлі әлеуметтік, кәсіби диалектілерден алынып, семантикалық өзгерістерге ұшырай отырып, ауызекі сөйлеуде немесе сленгтерде қолданылады. Олар халықтың сөйлеу тілінен өзіне ғана тән сөз және сөз орамдарымен ерекшеленгенімен, өзіндік сөз және сөз орамдарының жалпы халық тіліндегі баламасы міндетті түрде болады.  Арготизмдердің өзіне тән фонетикалық жүйесі, грамма тикалық құрылысы жоқ. Бұл сөздер кейде жаргонға синоним ретінде де қолданылады. А.Айғабылұлы арготизмдердің кәсіби сөздер ден төмендегі үш түрлі өзгешілігін атап көрсетеді:

1.        Олар ешқашан негізгі сөз бола алмайды, белгілі ұғымды басқа сөзбен жарыспалы түрде аңғартады.

2.        Кәсіби сөздер бейтарап стильде қолданылса, арготизмдер экспрессивтік-стильдік бояулы болып келеді;

3.        Арготизмдер кәсіби сөзден гөрі жалпы халық тіліне көбірек тарап, қарапайым сөйлеу тілінде жиі қолданылады.

Арготизмдер сөйлеу тілі лексикасының дамуына әсер еткенімен, әдеби тілді дамытпайды. Аталған ерекшеліктерін санамалай келе арготизмдер адамдардың белгілі бір әлеуметтік және кәсіби шағын топтарына ғана түсінікті тіл, шартты сөздердің жиынтығы деп анықтама береміз. Мәселен, ұрылар мен саудагерлердің, оқушылар мен спортшылардың, әскерлер мен дәрігерлердің т.б. жасанды тілі болады. Мысалы, оқушылар қолданатын шпор (шпаргалка), ұрылар қолданған апсар-жапсар (ұрланған нәрсе жапсарда тұр), үй таза ма? (үйде кісі жоқ па?); саудагерлер қолданған шіріңкене (дәнекерші саудагердің алатын ақысы), сүйке (соқ), т.б.  Әрбір буын арасында дыбыс қосып (көбінесе ф, п, з, р) ежелеп сөйлеудің де арголық сипаты бар, өйткені ежелеп сөйлеуде де айтылатын хабардың басқаларға түсі нік сіз болуы көзделеді.

        Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы, 2012.        А.Айғабылұлы. Қазақ тілі морфологиясы мен        лексикологиясы. – Алматы, 2006.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *