
АУЫСУ – бір күйден өзге күйге немесе бір жағдайдан өзге жағдайға өту немесе көшу.
Виртуалды ауысу – виртуал бөлшектердің тууына немесе жойылуына байланысты микробөлшектер жүйелерінің бір күйден өзге күйге көшуі.
Ерікті ауысу – кванттық жүйенің едәуір жоғары деңгейден едәуір төменгі деңгейге өздігінен өтуі.
Еріксіз ауысу – сыртқы сәуле әсерінен кванттық жүйенің едәуір жоғары деңгейден едәуір төменгі деңгейге көшуі.
Индукциялық ауысу – е р і к с і з а у ы с у болып табылады.
Кванттық ауысу – кванттық жүйенің өздігінен немесе сыртқы әсерлердің салдарынан жүзеге асатын секірісті көшуі.
Лазерлік ауысу – лазерлік сәулелер шығару (тудыру) үшін пайдаланылатын атомның немесе молекуланың энергия деңгейлерінің арасындағы көшуі.
Өздігінен ауысу – е р і к с і з а у ы с у болып табылады.
Фазалық бірінші текті ауысу – ішкі энергия мен тығыздықтың секірісті өзгерістерімен қабаттасып өтетін фазалық көшу.
Фазалық екінші текті ауысу – ішкі энергияның немесе тығыздықтың секірісті өзгерісі болмайтын кездегі фазалық көшуі.
Электрондық кемтіктік ауысу – кемтіктік өткізгіштіктен электрондық өткізгіштікке көшу жүзеге асырылатын монокристалдық жартылайөткізгіштің аймағы.
р=n – ауысуы – электрондық-кемтіктік ауысу.