АШЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

АШЫҚ ЖҮЙЕЛЕР – қоршаған ортамен зат, сондай-ақ энергия және импульс алмасатын термодинамикалық жүйе. Химиялық үздіксіз реакция (сырттан химия- лық реакцияға түсуші зат әкелінеді, ал реакция өнімдері әкетіледі) өтетін химиялық жүйе ашық жүйелерге жатады. Биологиялық жүйелерді, тірі организмдерді де ашық химиялық жүйе ретінде қарастыруға болады. Тірі организмге осылайша қарау тәсілі олардың дамуы мен тіршілік етуін термодинамикалық тепе-теңсіздік үрдістерінің, физикалық және химиялық кинетика заңдары негізінде қарасты- руға мүмкіншілік жасайды.
Ашық жүйелердің қасиеттері термодинамикалық тепе-теңдік күймен жуықтап сипатталады. Егер ашық жүйелер термодинамикалық тепе-теңдіктен сәл ғана ауытқыған болса, онда бұл күйді өзінің параметрлерімен (температурамен, химиялық потенциалмен) сипаттауға (бірақ бүкіл жүйе үшін тұрақты мәндермен емес, координаттар мен уақытқа тәуелділікпен) болады. Осындай ашық жүйелердің реттелмегендік дәрежесі тепе-теңдік күйлердегідей энтропиямен сипатталады.
Термодинамикалық параметрлердің тепе-теңдік мәндерден ауытқулары (термодинамикалық күштер) жүйеде энергия мен заттың ағынын тудырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *