АУЫР СУ

АУЫР СУ – сутек және (немесе) оттек атомдары едәуір ауыр изотоптарымен алмастырылған су изотопының бір түрі; көбірек таралғандары D2О (D – дейтерий). Тығыздығы 10,104 г/см3 (25°С), қатаю температурасы 3,813°С, қайнау температурасы 101,43°С. Табиғи судағы қатынасы Н2О:D2О жуық шамамен 6800:1. Адамның денсаулығына қауіпті. Ауыр суда – өсімдік тұқымы өспейді, өсімдік қурап қалады. Ауыр су ядролық реакторларда нейтрондарды баяулатқыш және жылу тасығыш, изотоптық индикатор ретінде пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *