АНАГЛИФТІК ТҮСТЕР ӘДІСІ

АНАГЛИФТІК ТҮСТЕР ӘДІСІ (грекше «анаглифос – бедерлі») – бір ны- санның ақ-қара екі кескінін әртүрлі түске бояп немесе сәйкес сүзгілерден өткізіп, экранға түсіру арқылы стереоскоптық кескін шығару әдісі. Стереожұп құрайтын кескіндер объективтің оптикалық өстерінің арасы белгілі бір қашықтықта (суретке түсіру базасы) болатындай жағдайда қосымша түстерде (мысалы, қызыл және жасыл) суретке түсіріледі, сонан соң әлгі кескіндерді көретін (яғни бақылаушы) адам оң және сол көздерге арналған әртүрлі жарық сүзгілер болатын стереоскоп арқылы қарайды. Егер, мысалы, оң көзбен қаралатын кескін қызыл түске, ал сол көзбен қаралатын кескін жасыл түске боялған болса, онда стереоскоптың оң жақтағы жарықсүзгісі жасыл түсті, ал сол жақтағысы – қызыл түсті болуы қажет. Осының нәтижесінде әрбір көз тек «өзіне» арналған боз түсті байқайтын болады. Осы жеке-жеке кескіндерді адам жалғыз көлемді ақ-қара кескін түрінде байқайды. Осы әдіс көлемді суреттер, стереоскопты фильмдер түсіру кезінде пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *