
АМПЕР (А) – электр тогының Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі. Ол вакуумда бірінен-бірі 1 метр арақашықтықта орналасқан көлденең қима- сының ауданы өте кішкене шексіз ұзын екі параллел түзу өткізгіштен өзгермейтін 2∙10–7Н ток күшіне тең. Француз физигі Андре Ампердің (1775 – 1836) құрметіне аталған. 1А = 3∙109 СГСЭ бірлігі = 0,1 СГСМ бірлігі.
Ампер магниттік қозғаушы күштің де, Халықаралық бірліктер жүйесіндегі бірлігі де болып табылады. Мұның ескі атауы ампер-орам болатын. 1А = 0,4 π гильберт = = 4π∙3∙109 СГСЭ бірлігі.