
АМПЕР ЗАҢЫ – бір-бірінен біраз қашықтықта орналасқан екі өткізгіштің шағын кесіндісінен өтетін екі тоқтың механикалық (пондеромоторлық) өзара әсер- лесу заңы. 1820 ж. француз физигі Андре Ампер (1775 – 1836) тұжырым- даған.
Бір өткізгіш кесіндісіндегі токтың екінші бір өткізгіш кесіндісіндегі токқа әсер ететін және керісінше, екінші өткізгіш кесіндісіндегі токтың бірінші өткіз- гіш кесіндісіндегі токқа әсер ететін күштерінің абсолюттік шамалары тең, бірақ жалпы жағдайда осы күштер бір түзудің бойында жатпайды және де әсер мен қарсы әсер принципін қанағаттандырмайды. Дербес жағдайда, егер өткізгіш кесінділерінен өтетін токтар параллель, әрі бағыттас болса, онда
осы өткізгіштердегі токтардың Параллель (а) және антипараллель (б) қарапайым токтардың өзараәсерлесуі.
өзараәсерлесу күштері өткізгіш кесінділерін бір-біріне жақындатуға әрекеттенеді, ал егер өткізгіштерден өтетін токтар параллель әрі қарама қарсы бағытта болса, онда өткізгіштердегі токтар өз- дері өтіп тұрған өткізгіштерді бір-бірінен алшақтатуға әрекеттенеді. Өткізгіш- терге әсер ететін күштердің бағыттары бұранда ережесі бойынша анықталады.
Тұрақты ток жағдайында өткізгіштен өтетін токтың жеке бөлігін оқшаулау- ға болмайды, оның себебі тұрақты ток тізбегі әрқашанда тұйықтаулы болады. Тәжірибе жүзінде тек тұйықталған бір токтың екінші бір тұйықталған токқа тигізетін әсер күшін немесе бір токқа екінші токтың электр өрісінің тигізетін күшін ғана өлшеу мүмкін болады. Осы күш токтың әрбір бөлігіне екінші токтың магнит өрісі (сонымен қатар магнит өрісі токтың бүкіл бөлігі үшін қорытқы күш болып есептеледі) тарапынан әсер ететін күштердің векторлық қосындысына тең болады. Тұйық токтардың өзараәсерлесуінің әрекеттері тиетін күштер үшін әсер мен қарсы әсердің тепе-теңдік принципі тура (ақиқат) болады. Ампер заңы негізінде Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ-де) ток күшінің эталоны белгіленген.