
АМОРФТЫ КҮЙ (грекше «аморфос – пішінсіз») – қатты заттардың изотроптық қасиеттермен сипатталатын қатты күйі. Температура жоғарылаған кезде аморфты зат біртіндеп жұмсарып сұйық күйге ауысады. Бұл ерекшелік аморфты күйдегі заттардың қатаң периодтылығының болмауына байланысты туған. Кристалдарға қатаң периодтылық тән (сұлбадағы а-жағдай). Аморфты күйдегі заттардағы көрші бөлшектердің орналасуларында [жақын (таяу) реттілік деп аталған] сәйкестіктер бар (б-жағдай). Арақашықтық алшақтағанда бұл сәйкестік кемитін болады, бірнеше тұрақты тор қашықтығындай аралықта әлгі сәйкестік мүлдем жойылады. Жақын реттілік сұйықтарға да тән, бірақ та тұтқырлықтың артуына байланысты көршілес бөлшектердің орындарының ауысу қарқындылығы бәсеңдейтін болады. Сондықтан да аморфты күйдегі қатты денені тұтқырлық коэффициенті
Параллель (а) және антипараллель (б)
жоғары, өте салқындатылған сұйық қарапайым токтардың өзараәсерлесуі.
ретінде қарастыруға болады. Кейде
«аморфтық күй» ұғымын сұйыққа да жалпылауға болады. Кристалдық күй термодинамикалық төменгі температураларда тұрақты болады. Бірақ та крис- талдану үрдісіне молекулалардың «реттілікке келіп» үлгеруіне ұзақ уақыт қажет болуы мүмкін. Төменгі температураларда осы уақыт өте ұзақ болатындықтан, кристалдану күйі іс жүзінде іске асырылмайды. Сондықтан аморфты күй қорытпаны (балқыманы) тез салқындатқанда пайда болады. Мысалы, кристалл кварцты балқытып, соңынан балқыма тез салқындатылғанда аморфты кварцты әйнек пайда болады. Бірақ та өте тез салқындату көп жағдайда кристалданудың пайда болуына жеткіліксіз болады екен. Осының нәтижесінде көптеген заттарды аморфты күйде алу мүмкін болмайды. Солай бола тұрса да магниттік реттілігі бар бірқатар металдар-жартылайөткізгіштер алынған. Табиғатта аморфты күйдегі заттар кристалдық күйдегі заттардан аз кездеседі. Опал, обсидиан, янтарь, шайыр (смола), битум және полимерлер аморфты күйде бола алады. Аморфты полимерлердің құрылымы жақын (таяу) реттілікпен сипатталады.