
АКЦЕПТОР (латынша – қабылдаушы) – жартылай өткізгіштерде кемтік- тердің пайда болуымен пара-пар болатын валенттілік аймақтан электрон қармайтын қоспалы атом. Нүктелік кемтік те акцептор бола алады. Мысалы, қос- палардан германий (Ge) және кремнийге арналған типтік акцептордың орнын басуға арналған: (Si) элементтері бар (В), алюминий (Аl), галий (Gа), индий (In). Акцептор жартылайөткізгіштің тыйым салынған зонасында валенттік зонаның төбесіне жақын аралықта жергілікті энергетикалық деңгей жасайды. Бұл деңгей акцепторлық деңгей деп аталған. Акцептордың иондық энергиясы тыйым салынған зонаның енінен айтарлықтай кіші болады. Сондықтан акцепторлары болатын жартылайөткізгіштерде акцепторлық валенттік электрондарды қармау үрдісі олардың өткізгіштік ортаны жылулық толтырулардан артық, сондықтан валенттік зонадағы шоғырлануынан едәуір артық болады (осындай жартылайөткізгіш кемтіктік немесе р-типті жартылайөткізгіш деп аталған). Жартылайөткізгіштің кристалдық торларының нүктелік ақауы да акцептор бола алады. Жартылайөткізгішке донорлар ретінде акцептор енгізу (қоспа түрінде) жартылайөткізгіштің қасиеттерін кең шекте басқаруға мүмкіндік жасайды, осы жайт, дербес жағдайда электрондық-кемтіктік ауысуларды жүзеге асыруда пайдаланылады.