АКУСТИКАЛЫҚ ОПТИКА

АКУСТИКАЛЫҚ ОПТИКА – электрмагниттік толқындардың қатты де- нелер мен сұйықтардағы дыбыстық толқындармен өзараәсерлесуін зерттейді. Техникада осы құбылыстар негізінде әртүрлі аспаптар жасалған. Оптикада, электроникада, лазерлік техникада когерентті жарық сәулені басқару үшін жарық сәуле мен дыбыстың өзараәсерлесуі кеңінен пайдаланылған. Акустикалық құрылғылар (дефлекторлар, сканерлер, модуляторлар, сүзгілер, т.б.) жарық сәуле- нің амплитудасын, полярлануын (поляризациясын), спектрлік құрамын және жарық сәуленің таралу бағытын басқаруға мүмкіндік туғызған. Акустикалық оптикалық аспаптар ақпараттарды нақты уақыт масштабында өңдеуге мүмкіндік береді. Мұндай көпшілік акустикалық оптикалық аспаптар ультрадыбыстардағы жарық сәуленің дифракциясына негізделген. Дифракцияланған жарық сәуленің ауытқу бұрышы дыбыстық толқындардың ұзындығымен анықталатын бол- ғандықтан, осыларды ендірілетін дыбыстың жиілігін өзгерту арқылы басқаруға болады. Жарық сәуленің бағытын кеңістікте басқарудың осы принципі сәулені берілген бағытта бұруға (ауытқытуға) және сәулені үздіксіз жаймалауға арналған акустикалық дефлекторлар мен сканерлердің жұмысының негізіне алынған. Энергияны негізгі сәуле мен дифрагмаланған сәуле арасында тарату дыбыстың қарқындылығын өзгерту арқылы реттеледі. Осы эффекті сәуленің қарқынды- лығын басқаратын акустикалық модуляторларда пайдаланылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *