
АККРЕЦИЯ (латынша – өсімше, көбею) – заттардың қоршаған кеңістіктен ғарыштық денеге (мысалы, жұлдызға) құлап түсуі. Аккрецияның бір-біріне жақын орналасқан, біреуі (алып қызыл жұлдыз) заттарды екінші жұлдызға (ақ ергежейліге, нейтронды жұлдызға) немесе қара апанға қарқынды түрде беретін қос жұлдыз үшін маңызы бар. Жаңа жұлдыздардың оталуының мүмкін себептерінің бірі ақ ергежейлі жұлдыздардағы аккреция құбылысы деген болжал бар. Бір жұлдыздан екінші жұлдызға ағып өтетін заттарда сутегі басым болады. Ақ ергежейлі жұлдыздың өзінде сутегі жоқ (ақ ергежейлі жұлдыз пайда болған кезде әлгі сутегі термоядролық реакция нәтижесінде гелийге айналып кеткен). Жұлдыздың бетіне түскен сутегі жинақталады да, сутегі термоядролық жануға жеткілікті температураға дейін қызатын болады. Егер реакцияның жылу бөлу жылдамдығы жылу тарату жылдамдығынан артатын болса, жаңа жұлдыздың оталуы ретін- дегі жылулық жарылыс (қопарылыс) байқалатын болады. Жас нейтрондық жұлдыздар – пульсарлар жоғары энергиялы бөлшектердің қуатты көздері болып табылады. Сондықтан бұлардағы аккреция құбылысы қиындаған. Уақыт өткен са- йын пульсарлардан және «жастары» 106 – 107 жылдан артық нейтрондық жұл- дыздар үшін де заттардың бөлініп шығуы әлсірейтін болады. Рентгендік сәуле- лердің ғарыштық көздерінің жарқырауын қамтамасыз етуде аккрецияның ма- ңызы үлкен.