АЙНАЛЫҚ ШАҒЫЛЫСУ

АЙНАЛЫҚ ШАҒЫЛЫСУ – жарық шағылуының негізгі заңы орындалатын жарық сәуленің тегіс жазық беттен бағытталып (немесе бірқалыпты) шағылуы. Егер шағылдырғыш беттің микротегістігінің (ойлы-қырлылығы) биіктігі (h) жарық толқынның ұзындығынан (λ) едәуір кем h < 0,01λ болса ғана, айналық шағылу болады. Осы жағдайда бүкіл жарық (>99%) шағылады. Спектрдің көрінетін аймағында жарықты диффузиялы түрде шағылдыратын бет инфрақызыл аймақтағы едәуір ұзын толқынды айналық шағылдырады. Айналық шағылған электрмагниттік толқындардың спектрлік құрамы, қарқындылығы мен фазасы жарықтау (жарықтың түсу бұрышына, шоқтың температурасына, т.б.) жағдайларына, заттың қасиеттеріне, шағылыстырушы беттің күйіне тәуелді болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *