
АЙНАЛМАЛЫ МАЯТНИК – тәжірибе жүзінде еркін түсу үдеуін (g) анық- тауға арналған аспап. Біреуі қозғалмайтын, екіншісі пластинадағы ойық бойын- ша жылжитын (қозғалатын) екі үшқырлы пышағы бар ауыр (мас- салы) пластина тәрізді дене болып табылады. Қозғалмайтын ті- рекке алма-кезек орналастырылатын О1 және О2 пышақтардың өткір қырлары айналмалы маятниктің тербеліс осьтері болады. Әрбір осьтің айналасында (төңірегінде) айналмалы маятниктің тербелу периодтары теңелмегенше жылжымалы пышақ жоғары немесе төмен қарай қозғалтылады. Осьтер арасындағы О1О2 = l арақашықтық пластинадағы нониусты меже арқылы өлшенеді. Сонда физикалық маятниктің қасиеттері бойынша О2 нүктесі О1 нүкте үшін тербеліс орталығы, және керісінше айналмалы маятниктің тербелістерінің периоды T = 2π (l g/ ) . Т және l мәндерін тәжірибеден анықтап, осы формула бойына g-ны (еркін түсу удеуін) анықтауға болады. Айналмалы маятник g-ны мәнін математикалық маятниктің анықтайтын мәнін едәуір жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік жасайды.