
АЙНАЛДЫРУ МОМЕНТІ (латынша «моментум – қозғау») – қозғалыстағы дененің бұрыштық жылдамдығын өзгертуші сыртқы әсердің өлшеуіші. Айналдыру моменті айналу осі бойында төңірегінде айналушы денеге әсер ететін барлық моменттердің алгебралық қосындысына тең болады. Айналдыру моменті (М) дененің бұрыштық үдеуімен (ε) М = εІ теңдігі арқылы байланысқан (мұндағы І – дененің айналу осімен салыстырылғандағы инерция моменті.