АДРОНДАР

АДРОНДАР (грекше «һадрос – үлкен, күшті») – күшті өзараәсерлесуге қатысатын бөлшектер. Бариондардың (нуклондар – протон мен нейтрон да) барлығы және мезондар адрондарға жатады. Күшті өзараәсерлесуде адрондардың кванттық сандары: ғажаптық, сұлулық, таңданарлық, т.б. сақталатындық қасиеті болады. Еркін күйде барлық адрондар (протоннан басқалары) тұрақсыз. Күшті өзараәсерлесу арқылы ыдырайтын адрондардың «өмір сүру» уақыты 10–22–10–23 секунд, бұлар резонанстар деп аталған (кейбір мезондар қосылмайды).
Адрондар құрама жүйе. Белгілі адрондардың көпшілігі үш кварктен, ал мезондар – кварктен және антикварктен құралған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *