АДИАБАТТЫҚ ҮРДІС

АДИАБАТТЫҚ ҮРДІС, адиабаттық процесс – физикалық жүйенің сырттан жылу алмайтын және оны сыртқа шығармайтын үрдісі. Адиабаттық үрдіс жылуоқшаулауыш (адиабаттық) қабатпен қымталған жүйелерде өтеді, бірақ бұл үрдісті әлгіндей қабықшасы жоқ жағдайда да іс жүзіне асыруға болады. Бұл үшін үрдістің жүйе мен қоршаған орта аралығында жылу алмасуы үлгерілместей тез өтуі қажет. Газды соққы толқын арқылы адиабаттық сығу кезінде бөлінетін жылуды сыртқа шығаруға және қатты қызуға үлгермейтіндей тез өтуіне жағдай жасалғаны жөн. Сол уақытта газдың адиабаттық көлемін ұлғайтуы сыртқы күш пен молекулалардың өзара тартылыс күшіне қарсы жұмыс істеуі нәтижесінде газды салқындататын болады. Осылайша салқындату г а з д а р д ы с ұ й ы л- т у үрдісінің негізіне алынған. Парамагниттік тұздарды адиабаттық үрдіс- пен магнитсіздендіру абсолюттік нөлге жуық температура шығаруға мүм- кіндік жасайды. Адиабаттық үрдіс қайтымды және қайтымсыз өтуі де мүмкін. Қайтымды үрдісте жүйенің энтропиясы тұрақты болып қалады, қайтымсыз үрдісте – артатын болады. Сол себепті қайтымды үрдіс изоэнтроптық үрдіс деп те аталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *