АГРЕГАТТЫҚ КҮЙЛЕР

АГРЕГАТТЫҚ КҮЙЛЕР (латынша «аггреро – қосып аламын, байлаймын»), з а т т а р д ы ң – бір зат күйінің екінші бір күйге ауысуы оның бос энергия- сының, энтропиясының, тығыздығының және басқа физикалық қасиеттерінің секірісті өзгерісімен қосақтасып өтетін күйлері. Бүкіл заттар (кейбіреулерін ескермегенде) үш агрегаттық күйде – қатты, сұйық және газ тәрізді күйлерде бола алады. Су қалыпты қысымда р = 101 325 Па = 760 мм сынап бағанында және Т = 0ºС-та мұз болып кристалданады, ал
100ºС-та қайнап буға айналады. Темір қалыпты жағдайда (0°Ста, 760 мм сынап бағанына
тең қысымда) қатты дене, бірақ жеткілікті жоғары температурада (1535°-та) балқып сұйыққа айналады. Оны буландырып газға айналдыруға болады. Қалыпты жағдайда оттек газ болып табылады, – 183°С-та сұйылады, ал – 218°-қа дейін салқындатылғанда қатаяды (яғни қатты күйге айналады). Т ө р т і н ші а г р е- г а т т ы қ к ү й г е көбінесе плазма жатқызылады. Заттардың агрегаттық күйлері олардың физикалық жағдайларына, негізінен Т мен р-ге байланысты. Газдарда молекулааралық қашықтықтар алыс, сол себепті молекулалар бір-бірімен потенциалды әсерлесе алмайды, сондықтан іс жүзінде өзіне тиесілі көлемде еркін (бос) қозғалады.
Сұйықтар мен қатты денелерде – конденсацияланған орталарда – молекулалар (атомдар) бір-біріне едәуір жақын орналасқан, сол себепті олар өзара күшті әсерлеседі. Осы жайт сұйықтар мен қатты денелердің өздерінің көлемдерін сақтауына әкеп соқтырады. Бірақ та қатты денелер мен сұйықтардағы мо- лекулалардың қозғалыс сипаттары әрқалай, сол себепті олардың құрылымдары мен қасиеттерінде айырмашылықтар болады. Қатты денелердегі кристалдық күйде атомдар кристалдық торлардың тораптарының маңайында ғана тербеліс жасайды; осы денелердің құрылымдары жоғары дәрежедегі реттіліктермен – алыс және жақын реттілікпен сипатталады. Сұйықтарда тек жақын ғана реттілік болады және оған қоса сусымалылық пен аққыштық қасиеттер тән. П л а з м а- н ы ң өзгедей агрегаттық күйден өзгешелігі ол – зарядталған бөлшектерден (ион, электрон) құралған газ. Агрегаттық күй ұғымының орнына кейде кең мағыналы ұғым – фаза пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *