
АВТОФАЗАЛАУ [грекше «аутос – өзі» + фаза (грекше «фазис – көріну»)], фазалық орнықтылық – зарядталған бөлшектер қозғалысының бұларды үде- туші резонанстық үдеткіштердегі электр өрістерінің фазаларына қатысты орнықтылық құбылысы. Бұл құбылысты 1944 ж. кеңестік физик Владимир
Векслер (1907 – 1966) және 1945 ж. американ физигі Эдвин Макмиллан (1907 – 1991) бір-біріне қатыссыз анықтаған. Автофазалау зарядталған бөл- шектердің осы заманғы көптеген резонанстық үдеткіштерінің негізіне алынған. Циклдік үдеткіштерде зарядты бөлшектер магнит өрісімен басқарылып, спираль тәрізді траекториямен қозғалады да, дуанттар арасындағы саңылауға түсірілген айнымалы электр өрісімен үдетіледі. Үдеткіштегі орнықтылық сақталу үшін зарядты бөлшектің айналу жиілігі (ω) мен айнымалы электр өрісінің өзгеру жиілігі (ω0) өзара тең болуы тиіс: ω=ω0. Салыстырмалылық теориясы бойынша кез кел- ген бөлшектің жылдамдығы жарық жылдамдығына жақындағанда, оның массасы да бірнеше есе артады. Массасы артқан сайын бөлшектің жылдамдығы да азаяды. Сондықтан ω=ω0 шарты орындалмай, режим бұзылады. Ал автофазалау тәсілі айнымалы электр өрісінің жиілігін немесе магнит өрісінің кернеу- лігін біртіндеп өзгерту арқылы, баяулаған бөлшекті автоматты түрде өріс ыр- ғағымен үйлестіруге мүмкіндік береді. Осы құбылысты Векслер автоматты фазалау тәсілі немесе автофазалау, ал Макмиллан фазалық орнықтылық деп атаған.