АВОГАДРО ЗАҢЫ

АВОГАДРО ЗАҢЫ – идеал газдардың негізгі заңдарының бірі, бұл заң бо- йынша қысымы (p) мен температурасы бірдей болатын әртүрлі газдардың тең көлемдеріндегі (V) молекулалардың сандары да тең болады. Осы заңды 1811 ж. итальян физигі әрі химигі Амедео Авогадро (1776 – 1856) ашқан. Қалыпты жағдайда (р = 101 325 Па = 760 мм сынап бағаны және Т = 0ºС) кез келген идеал газдың 1 молі 22,4136 м3 көлемді орын алып жатады, 1 мольдегі молекула саны Авогадро тұрақтысы деп аталған.
Газдардың кинетикалық теориясына сәйкес рV = 1/3 Nmῡ2 (N – сан, m – мас- са, √ῡ2 – молекуланың орташа квадраттық жылдамдығы), ал ½ mυ2=3/2×kТ. Осы- дан Т1=Т2, р1=р2 және υ1=υ2 болғанда, N1=N2 болуы қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *