
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Саймасаева О.У. – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1 курс магистранты
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты мақаласындағы жиырма тапсырманың үштен бірі білім беру жүйесіне қатысты,бұл кездейсоқтық емес — адами капиталдың сапасы әр адамның білімділігі және кәсіби шеберлігі деңгейімен тікелей байланысты [1].
Әлем тәжірибесі көрсеткеніндей,кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты.Осы орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал болып табылады.Ол үшін отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жеткізу шарт.
Оқушының білім сапасы білім саласындағы мемлекеттік саясат негізінде нормативті – құқықтық актілерде негізделген. Әсіресе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Жалпы орта білім мазмұны және жүйесі Тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білімді дамыту Тұжырымдамасында нақтыланған.
Қазақстан Республикасы азаматтарының халықаралық білім кеңістігіндегі және еңбек нарығындағы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білімнің сапасына «білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі – білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, нысандары мен әдістерінің жиынтығы»,-деп сипаттама берген.
Білім беру сапасы – Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, Т.И.Шамова, В.К.Кальней, Б.Әбдікаримов, т.б. ғалымдардың еңбектерінің өзегі. Оқыту сапасының өлшемдері Ж.А.Қараев, М.Ж.Жадрина, Т.Т.Галиев, Г.О.Искакова сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан талданған.
Педагогикалық әдебиеттерде білім сапасы (білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде жалпы білім беретін оқу орындарының жетістігі ), оқыту сапасы (мұғалім білім берудің әртүрлі оқыту технологиясын,әдістемесін,құралдарын қолдану арқылы жетеді), оқушының білім сапасы және т.б. ұғымдар кездеседі. Біздің қарастыратынымыз оқушының білім сапасы, яғни орта, негізгі, бастауыш білім беру мазмұнының міндетті минимумын игерген жетістігін бағалаумен анықталатын (күнделікті, тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық, қорытынды) нәтижесі. Бұл анықтама ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы білім беру сапасы күтілетін нәтижеге қол жетуімен анықталады деген көзқарасқа сай келеді.
Ел үкіметі 2011 жылы шілдеде ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің аумақтық органдарын құру жөнінде қаулы қабылдады. Сөйтіп, барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларында білім саласындағы бақылау департаменті дүниеге келді. Көптеген міндеттерінің ішінен білім сапасын арттыруға әсер ететіндерін атап өтейік – білім беру мониторингін жасау, ұлттық тестілеу барысын және оқу жетістіктерін сырттай бағалау рәсімдерінің жүргізілуін қадағалау. Тәуелсіздігімізге қол жеткізгеннен бері барлық балалардың жастайынан білім алуын қамтамасыздандыру, елімізді дамыған 50 елдің қатарына қосу тәрізді бірқатар үлкен міндеттер күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндердің білімінің сапалы болуын білім беру ісін қадағалайтын мекемелер әрдайым бақылауда ұстайды. Себебі бастауыш білім беру сатысы үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бүгінгі бастауыш мектеп үлесіндежан-жақты әрі үйлесімді дамыған, қажетті біліктер мен дағдыларды меңгерген, мәдениетті азамат тәрбиелеу болып отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына берілетін білімнің сапалылығы мен оны бағалау ісі өте көкейтесті проблемаларлың бірі. Себебі оқушылардың оқутанымдық жұмыстарын қадағалау нәтижесі сол жұмыстарды бағалаудан көрінеді. Мәселені өзі дәрежесінде дұрыс шешу үшін бағалау мәселесіне қатысты бірқатар ұғымдарға тереңірек тоқталуды жөн деп санаймыз.
«Бастауыш- білім негізі» деген пікір орынды айтылған, сондықтан білім берудің басты міндеті сапаға зейін аудару, ұғымдар, ережелер, амалдарпедагогикалық іс-әрекеттер арқылы қалыптастырылып, жүзеге асырылуы тиісті. Бастауыш мектеп-баланың дамуының іргетасы қаланатын ерекше кезеңі болғандықтан, олардың алғашқы ұғымдары да осы уақытта қалыптасады.
Бастауыш мектептің жас ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі-қоғамға өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекеттіміздің болашақтары-жан-жақты жетілген, дамыған, табанды жеке тұлғаны қалыптастырды.
Бастауыш сатыға білім мазмұнын жаңарту және оқу үрдісінің жаңаша ұйымдастыру-сапалы білім беру, оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіруді қамтамасыз ету, анық философиялық, педагогикалық, психологиялық негіздердің терең, жүйелі зерделеу, салыстыруды қажет етеді.
Жалпы білім беру ісіндегі бағалау ұғымы – бұл оқушының білім жетістігінің деңгейіне баға берумен аяқталатын кез келген формалданған немесе эксперттік процесс [2, 27 б]. Ал, бағалау балы (баға) – білім алушылардың білімін, іскерліктері мен дағдыларын мектептік (ЖОО-да) бағалаудың шарты сандық көрінісі. Сандық немесе сөздік формада болуы мүмкін. Отандық білім беру жүйесінде келесідей критерийлер бойынша бесбалдық жүйе қабылданған:
5 (өте жақсы) – толық, жан-жақты жауап немесе сипатталатын құбылыс пен оның практикалық мағынасын толық және терең түсінетінін көрсетіп, сауатты әдеби тілмен баяндалған білімдері болғанда;
4 (жақсы) – осындай жауапта, бірақ, кейбір дәл емес немесе жеңіл қателер болғанда;
3 (қанағаттанарлық) – оқу материалы негізінен меңгерілген, бірақ елеулі қателіктер жіберілген, әйтсе де білім алушылардың білім деңгейі одан арғыны меңгеруге қабілетті жағдайда;
2 (нашар) – тексерілетін білімнің елеулі бөлігін меңгермегенде;
1 (өте нашар) – берілген оқу материалын толығымен білмегенде. Сандық балл мұғалім пікірімен бекітіліп, нәтижесінде білім сипаттамасының толықтығы мен дәлдігіне қол жеткізіледі. Қазіргі уақытта бағалар жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, себебі бесбалдық жүйе шын мәнінде төртбалдыққа айналды.
Оқу нәтижесі тек баға емес, басқа да жолдармен анықталуы мүмкін. Мысалы, ол ауызекі қолдау не қолдамау, алғыс жариялау, мақтау парағы және т. б.
Білім бағалауда шынайылылық, білім сапасын анықтаудағы бірыңғай талап үлкен маңызға ие. Себебі, білімдік бағаоқушыға ықпал жасаудың өте нәзік құралы. Көтеріңкі баға шәкіртті қуантады, қанаттандырады, сонымен бірге оның жұмысқа болған немқұрайлылығын да пайда етеді. Әсіресе, болымсыз бағаның әсері күшті: ол баланың оқуға деген ықыласын арттыруы да не тіпті оқудан бас тартуға ықпал жасауы мүмкін. Сондықтан да, кейінгі жылдары бағалау, баға қою мәселесі үлкен пікір талас туғызып отыр. Педагогтардың бір тобы сыныптан сыныпқа оқушыны білім сапасына қарамастан өткізуді ұсынуда. Осыған байланысты еліміздегі бағалау проблемасының әркезеңдегі жайы өз алдына қызықты.
1917 жылға дейін оқушылар білімі балдық жүйеде бағаланды. Баға нөлден беске дейінгі алты балдық жүйеде қойылды. Кейін нөлдік баға жойылып, бес балдық жүйе қабылданды.
Оқу нәтижесін балл бойынша бағалау әр қилы көз қарастар туындатты. 1917 жылдан соң тіпті оқу жүйесінде бағалау, баға қоюға қарсылықтар да болды. Кеңестік еңбек мектебінің тұжырымдамасына орай оқу іс-әрекеттері шәкірттің қызығушылығына, дербестігіне, ынталылығына, шығармашылық сипатына негізделуі тиіс болды [3, 119б].
Дәстүрлі келе жатқан оқушыларды баға жәрдемімен тәртіпке шақыру әдістері тиімсіз деп танылды. Осыдан 1918ж. Кеңестік өкімет жарлығымен оқушы білімі мен тәртібін балдық жүйемен бағалау мектеп тәжірибесінен мүлде шығарылды, сыныптан сыныпқа өткізу, куәліктер беру оқушылар білімі жөніндегі педагогикалық кеңес шешімі негізінде орындалатын болды.
Емтихан түрлерінің: қабылдау, ауыстыру, бітірту – қай-қайсы да жүргізілмейтін болды. Сабақ барысындағы оқушыны жеке-дара тексеру де орынсыз деп табылды. Өте қажетті жағдайлар да жалпылама сынақтау сипатындағы ауызша сұрақтар мен жазба жұмыстарды ғана өткізуге рұқсат берілетін болды. Оқушылар мен өтілген тақырыптар бойынша мерзімді әңгіме-сұхбаттар жүргізу, оқыған кітаптары мен мақалалары бойынша баяндарын тыңдау ұсынылды. Оқушылардың жеке таңдауымен өз бетінше орындаған жұмыстары дәріптелді. Дәстүрлі қадағалау жүйесі өзіндік бақылаумен ауыстырылды, жеке оқушы табыстары еленбей, ұжымдық жетістіктер негізге алынды. Өзіндік бағалауда тестік қадағалау формасы жаппай қолданылды.
Бағасыз оқу бір жағынан тиімді де болды, себебі оқушылардың бір шамасында дербес, өзбетінше оқу қабілеттерін дамытты. Дегенмен, мұндай оқу көпшілік жағдайлар да оқушылар білімінің, тәртібінің құлдырауына алып келді. Оқушылар мектепте, үйде тиянақты білім игеру жұмыстарын тоқтатты, сабақтарға қатыспайтын болды. Сондықтан да, алғашқыда қадағалаудың әр қилы формалары біртіндеп енгізіліп, ал 1932 жылдан жеке оқушының білімі оның даралықты ерекшеліктерін ескерумен жүйелі бағалау принципі негізінде орындалатын болды.
1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сөздік (вербалды) баға: “өтежақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық”, “жаман”, “өтежаман” – енгізілді. Бұл жүйе 1943 жылға дейін сақталды. 1944 жылдың қаңтарынан оқушы білімі мен тәртібін бағалаудың сөздік бағамен сандық баға жүйесімен ауыстыру жөнінде шешім қабылданды [4].
Реттелген тәртіпте білім есебін жүйелі жүргізу өзі нақтады, оқушылардың оқу дайындығы мен .
Оқу іс-әрекеттерінің нәтижесін балл жүйесінде бағалау көптеген кемшіліктеріне қарамастан өз баламасын таппай отыр. Дегенмен, педагог ғалымдардың көбі сауаттылық дәрежесін бағалаудың мұндай жүйесіне қарсы. Олардың дәйегі:
- білімділік іс-жүзінде үш балдық жүйеде бағаланады (“1”, “2”бағалары білімсіздік көрсеткіштері).
- білімділікті бағалаудың шынайылығы кем (“5”, “4”, “3”бағалары гимназиялық сыныптарға да, дарынды оқушылар топтарында да, ақыл-есі кем балалар оқуында да бірдей тең қойылады. Ал аталған оқу түрлеріндегі білім игеру нәтижесіне қойылған талаптар әр қилы болатындықтан бағалардың мәні біркелкілігін жояды).
- оқушыларбілімін бағалауда үш балдық өлшем жеткіліксіз (сондықтан да оқытушылар қосымша өлшемдер қолданып жүр: балл жанына “плюс” не “минус” белгілерін қояды).
Ғалымдар әртүрлі балдық та бағалау жүйелерін ұсынуда. Бірақ, мектеп пен жоғарыоқуорындарындағыбағақоюдыңсубъективқателіктерітөмендегідей:
- кеңпейілділік, орынсызжомарттық. Баға ретсіз көтеріңкі қойылады. Оқушыларды бағалаудағы “жомарттықтың” шектенасқан, бүгінгі күнде мектеп тәжірибесінен арылуы қиындық тудырып отырған формасы — “проценттікке” жүгіну (процентомания).
- оқушыға болған ұнамды не кері қарым-қатынас күйін бағалауға, бағаға
өткізу;
- көңіл-күйге орай баға қоя салу;
- тұрақты да қатаң өлшем-шектердің болмауы (деңгейі төмен жауап үшін мұғалім жоғары не ұнамсызбаға қоя салуы);
- орташа бағалау ұстанымында болу (“екілік” не “бестік” бағаларды қоймау);
- жүйе тұрақсыздығы (оқытушы көп уақытқа дейін сұрақ жүргізбей, баға қойм ай не бірсабақты түгелдей сұрақ қоюмен оқушылар бағасын тізіп салу);
- өткендегі бағаға жақындау бағаны қоя салу (мысалы, оқушының өткендегі “екілігінен” кейін оған бірден “бестік” баға беру мұғалім үшін қиын сияқты);
- әсіре (ореол) қателігі (оқытушы өзі ұнатқан оқушысына жаман, жек көрген шәкіртіне ұнамды баға қоюда тартыншақтыққа түседі);
- баланың тәртібіне қойылатын баға пән үлгеріміне ауыстырылады;
- бағаны әсіре көтеру не себепсізтөмендетужәне т. б. [5, 57б]
Дегенмен, әрқандай бағаны көтере түсу немесе төмендей бағалау негізінде неше түрлі мән болуы мүмкін. Мысалы, үлгерімі төмен оқушыға көтеріңкі баға қою оған психологиялық қолдау көр сетіп, алдағы оқуда ілгерілеуіне көмектесу ниетінен болуы мүмкін. Сондықтан бағалаудағы субъективойдың бәрін бірдей деп есептейміз. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Назарбаев Н.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам.// Егемен Қазақстан.10 шілде 2012.
- «Білім және Ғылым» энциклопедиялық сөздік. Астана, 2009.
- Сейталиев Қ.Б. Педагогика. Атырау, 2005. – 344 с.
- Педагогика курсының лекциялары. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Унивеситеті. Алматы: «Нұрлы Әлем», 2003. – 368 б.
- Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
- Вульфов В.З., Иванов В.Д. Основы педагогики в лекциях, в ситуациях, в первоисточниках. Уч.пособие. — М., 1997. – 288 с.