
Рентген Вильгельм Конрад (1845 – 1923) – неміс физигі. 1885 ж. электр өрісінде қозғалатын диэлектриктің магнит өрісін (рентгендік ток деп аталған) ашқан. 1895 ж. инфрақызыл сәуленің толқын ұзындығынан едәуір қысқа сәулені (х-сәулесін) ашқан, кейін ол рентгендік сәуле деп аталған, ол сәуленің қасиеттерін: шағылысу, жұтылу, ауаны иондандыру, т.б. зерттеген. Рентген нобель сыйлығының ең алғашқы иегері (1901 ж.).