
Ренальдини Карло (1615 – 1698) – итальян физигі әрі математик. 1694 ж. термометрдің тұрақты нүктелері ретінде мұздың еру температурасын және судың қайнау температурасын алуды ұсынған. Швед астрономы әрі физигі Андерс Цельсий 1742 ж. жүз градустық термометр межесінде Ренальдини ұсынған температуралық межеге қарама-қарсы меже ұсынған болатын. Кейін бұл меже Ренальдинидің ұсынысына сәйкес қайта өзгертілген.