
Мариотт Эдм (1620 – 1684) – француз физигі. 1676 ж. тұрақты температу- ра кезінде газ массасының қысымға байланысты көлемінің өзгеру заңын тұжы- рымдаған (Бойль – Мариотт заңы). Судың қату кезінде көлемі ұлғаятынын дәлел- деген. 1666 ж. көздің соқыр дағын анықтаған. Күн мен Ай дискісінің айналасында- ғы түрлі түсті сақиналарды, кемпірқосақты, жарық дифракциясын зерттеген, жылулық сәуле мен жарық сәуленің арасындағы айырмашылықты ашқан.