
ЛИББИ Уиллард Фрэнк (1908 – 1980) – американ физик-химигі. 1946 ж. геохронологияның радиокөміртекті әдісі – органикалық нысандардағы радиокөміртек-14-тің мөлшерін өлшеу бойынша осы геологиялық нысандардың жасын анықтауды тұжырымдаған. 1953 ж. тритий изотопы бойынша жас анықтау тәсілін ұсынған. Нобель сыйлығының (химия бойынша) иегері (1960).