
КЛАУЗИУС Рудольф Юлиус Эмануэль (1822 – 1888) – неміс физигі. 1850 ж. У.Ранкинге тәуелсіз жылу мен механикалық жұмыс арасындағы жалпы қатынасты (термодинамиканың бірінші бастамасын), бу машинасының идеал термодинамикалық циклін (Ранкин – Клаузиус циклі) және термодинамиканың «жылу өздігінен едәуір салқын денеден едәуір жылы денеге ауыса алмайды» деген екінші бастамасын тұжырымдаған. 1865 ж. энтропия ұғымын енгізген.