
Комптон Артур Холли (1892- 1962) – американ физигі. 1922 ж. заттар электрондарының рентген сәулесін шашыратуы салдарынан әлгі сәуленің толқын ұзындығының өзгеру құбылысын ашқан (Комптон эффектісі). Осының нәтижесінде фотонның болатыны дәлелденген. 1921 ж. спин туралы идеяға келген.