
Дюамель Жан Мари Констант (1797 – 1872) – француз физигі әрі математик. 1845 ж. жарық көрген «Механика курсы» деген еңбегінде дененің массасын оған түсірілген күштің дене алған үдеуге қатынасы ретінде, яғни m = F/а (мұндағы m – дене массасы, F – күш, а – үдеу) түрінде анықтаған.