Дюфе Шарль Франсуа

Дюфе Шарль Франсуа (1698 – 1739) – француз физигі. 1733 ж. электрдің екі тегі: «әйнектік» және «шайырлық» (смолалық) болатынын анықтаған. «Әйнектік» электр әйнекте, тау хрусталында, қымбат тастарда, шашта, жүнде, қағазда; «шайырлық» электр янтарьда, жібекте, қағазда, т.б. пайда болады. 1735 ж. алғаш рет найзағай мен аспанның күркіреуінің электрлік табиғаты бар екені туралы идея айтқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *