
Дирак Поль Адриен Морис (1902 – 1984) – ағылшын физигі. 1927 ж. электр- магнттік өріске кванттық теория принциптерін қолданып, кванттық өрістің алғашқы моделін жасаған. Осылай кванттық электрдинамиканың бастамасын тұжырым- даған. 1927 ж. кванттық электрониканың негізіне жатқызылатын еріксіз шығарылған және алғашқы реттік кванттардың тепе-теңдігін алдын ала болжаған. 1928 ж. электронның релятивтік қозғалыс теориясын тұжырымдаған. Дирак теориясынан электронның теріс энергия мәніне ие бола алатындығы туралы қорытынды шыққан. Сол себепті оң зарядталған электронның немесе позитронның болуы болжанған. Осы оң зарядты электрон, яғни позитрон 1932 ж. ашылған. 1930 ж. кемтіктер теориясын, 1931 ж. антибөлшектердің болатынын, электрон-позитрон жұбының аннигиляциялануын алдын ала болжаған. 1931 ж. қарапайым магнит зарядының (Дирак монополы), 1933 ж. антизаттың болуы туралы болжал ұсынған. 1933 ж. вакуумның полярлануы эффектісін постулаттаған. Нобель сыйлығының иегері (1933 ж.).