Джоуль Джеймс Прескотт

Джоуль Джеймс Прескотт (1818 – 1889) – ағылшын физигі. 1841 ж. өткізгіштен ток өтіп тұрған кезде одан бөлінетін жылу мөлшері токтың шамасына және өткізгіщтің кедергісіне тәуелді болатынын ашқан (Джоуль-Ленц заңы). 1843 ж. жылуды механикалық жұмыс есебінен де алуға болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Идеал газдың ішкі энергиясының оның көлеміне тәуелсіз болатынын анықтаған. 1853 – 54 жылдары У.Томсонмен бірлесіп, газдың кеуекті аралықтан адиабатты өтуі кезінде әлгі газдың салқындау құбылысын ашқан (Джоуль-Томсон эффектісі). 1840 ж. ферромагнетиктердің магниттік қанығуын, 1842 ж. магнитстрикцияны ашқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *