
Малайсары (1700-1756)—орта жүздің батыры әрі биі. Арғын ішіндегі бәсентиін руынан шыққан. Әкесі Тоқтауыл — батыр, балуан, анасы Мөлдір — қалмақ қызы, қа рын дасы гауһар (Қабанбай батырдың әйелі)—ерлігі аңыз ға айналған қаһарман қыз. Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі болған. Шоқан уәлихановтың жазуына қарағанда, Абылай хан Ма лай сарының батырлығын, ақылы мен қайратын жоғары бағалаған. Ма- лайсары ресейдің қоластына кіруге қарсы болған. Қазаққалмақ соғысын тоқтатып, екі хандық арасында бейбіт бітім жасау саясатын ұстанды. ол жоңғарларға қазақтың елшісі болып барған. Қазіргі Павлодар облысы Май ауданындағы Малайсарының туған жеріне, Жоңғар Алатауының батыс сілеміндегі тауға Малайсары есімі берілген.